
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Қуанышбек Сламбектің ұйымдастыруымен Ұлытау облысы ТЖД №2 ӨСБ бөлімінде Бауыржан Момышұлы атындағы кадет сыныбының оқушыларына арналғанэкскурсияөткізілді.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар өздерінің жауынгерлік киімдерін, өрт сөндіру құралдарын көрсетіп, бөлімде бар өрт сөндіру техникаларын, олардың қалай жұмыс істейтіні және немен жабдықталғаны туралы айтып берді.
Кадеттер өрт сөндірушілердің күнделікті өмірі мен жұмысын өз көздерімен көріп, өрт сөндіру техникасының кейбір атрибуттарын сынап көрді. Әрбір кадет өрт сөндіру көлігінде отырып, дулыға киіп, қолдарына өрт сөндіру жеңің және арнайы құралдарды ұстап, кез келген сұрақтарын қоя алды.
Экскурсия соңында балалар ТЖб және бөлімше қызметкерлеріне өрт сөндіру бөлімін аралау мүмкіндігі және алған ақпараттары үшін алғыстарын білдірді.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі