Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында ТЖ вице-министрі техникалық кеңес өткізді

Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында ТЖ вице-министрі техникалық кеңес өткізді

2024 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице–министрі Мереке Пішембаевтың төрағалығымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығымен техникалық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Ұлытау облысында орналасқан жерасты кеніштерінің тау-кен қазбаларының геомеханикалық жағдайы, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің сақталуы бойынша бос орындардың пайда болуы бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша ТЖ вице-министр «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығына қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және нормативтік құқықтық актілері саласындағы талаптарды сақтауды ұсынды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі