
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Арман Құмарұлы Тоқанов Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Арман Құмарұлы Тоқанов 1979 жылы 16 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Топтерек ауылында туған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін, Шығыс Қазақстан облысының ТЖД бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2001 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Табиғатты пайдалану экологиясы» мамандығы бойынша үздік бітірді, 2004 жылы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді, 2015 жылы РФ ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын магистр біліктілігі беріле отырып «Әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару» мамандығы бойынша үздік бітірді.
Құқық қорғау органдарында 2009 жылдан қызмет атқарады. Бұған дейін ҚР ТЖМ орталық аппаратында, Батыс Қазақстан облысы ТЖД, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД және Астана қаласы ТЖД әртүрлі басшылық лауазымдарда болған.
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы