Некролог

Некролог

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Халиков Дамир Қасымбекұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына, орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Бейбітшілік, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықм мұраттарына, гуманистік құндылықтарды, сондай-ақ Отанымыздың қадір-қасиеті мен ұлылығын сақтау ісіне адал болған Дамир Қасымбекұлын кайғыра еске аламыз.

Ол нағыз кәсіби маман, әріптестері арасында лайықты құрметке ие болған дарынды басшы болды.

Дамир Касымбекұлы өмірінің саналы бөлігін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге арнады. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болған кезде министрліктің маңызды бағыттарының бірі – тылдық қамтамасыз етуді жүзеге асырды. Кейіннен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды. Ол өз Отанын жан-тәнімен сүйген, ел игілігі үшін қашанда пайда тигізуге талпынған, қолдауға мұқтаж жандарға аянбай көмектескен.

Дамир Қасымбекұлының бай өмір жолы құрметке лайық болды және жас мамандарға үлгі боларлықтай із қалдырды.

Ауғанстан Демократиялық Республикасында ұлтаралық борышын ерлікпен орындағаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

Сонымен қатар, II дәрежелі «Даңқ», «Александр Невский» ордендері мен басқа да көптеген медальдары, оның көп жылғы адал еңбегінің дәлелі.

Дамир Қасымбекұльның дүниеден өтуі баршамыз үшін ауыр қаза. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз.