
2024 жылғы 1 ақпанда ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Ұлытау облысы әкімінің міндетін атқарушы Ұлантай Усеновке Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды, сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша өнеркәсіптік объектілердегі төтенше жағдайлардың алдын алу және халықты газбен жабдықтау қауіпсіздігі мәселелері бойынша талқылады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Кенгирбай Алиакпарович Есенеев тағайындалды, бұрын ол Қарағанды облысы бойынша ұқсас департаменттің бастығы қызметін атқарған.
Сонымен қатар вице-министр ТЖМ ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшыларымен және жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Есен Байыров алдағы кезеңге атқарылып жатқан жұмыстар мен міндеттер туралы баяндады.
Вице-министр министрлікті трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, төтенше жағдайларды жоюдан олардың алдын алуға көшу, халықты оқыту және т. б. қажеттігі туралы атап өтті.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі