
Ағымдағы жылдың қаңтар айында республика бойынша студенттердің өзін-өзі басқару мүшелері мен облыстың мектеп парламенттерінің «Төтенше жағдайлар министрлері» арасында «Қауіпсіздік объективте!» акциясы өтті. Шығыс Қазақстан облысында жоғарыда аталған іс-шара аясында ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Қуатбек Кенжебекұлының жетекшілігімен облыстағы мектеп парламенттерінің төтенше жағдайлар министрлерімен вебинар өтті.
Бұл маңызды шараның негізгі тақырыбы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың алдын алу: балалардың жолдағы қауіпсіздігі, өскелең ұрпақ арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін болдырмау.
«Өзінің және өзгенің қауіпсіздігіне саналы көзқарасты бала кезінен тәрбиелеу керек. Сондықтан бұл жұмысты қолға алуымыз өте маңызды», - деп атап өтті ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы. «Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларды жоюдан төтенше жағдайлардың алдын алуға және халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға көшу бағдарламасын қабылдады.
Әрбір азамат төтенше жағдайларда және олардың алдын алу жолдарын, қалай әрекет ету керектігін білуі керек. Құтқарушылар жыл сайын ауданның төтенше жағдайларға ұшырауына байланысты мектептерде әртүрлі тақырыптарда 10 мыңға жуық жаттығулар өткізеді. Шығыс Қазақстан облысында 125 «Жас құтқарушылар» үйірмесіне 1274 бала тартылған.
Вебинар барысында Қуатбек Кенжебекұлы қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі жер сілкінісіне әрекет ету екенін атап өтті. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйымдар мен мекемелерде сейсмикалық дайындық жұмыстары тоқсан сайын жалғасуы тиіс. Нысан басшыларының алдын ала әрекет жоспары болуы керек.
Шара соңында ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері, қауіпсіз жерлерді – ішкі магистральдық қабырғалардың, есік ойықтары мен негізгі қабырғалардың бұрыштарының жанында анықтау бойынша толық нұсқаулар берді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары дәрі-дәрмек, ең қажетті заттар, азық-түлік, құжаттар, фонарь, жылы киімдерден тұратын шұғыл чемоданды алдын ала дайындауды ұсынды.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД
баспасөз қызметі