
31 қаңтарда Алматы-Екатеринбург тас жолының 900 шақырымында ТЖД күштері техникалық ақауы бар «VANHOOL» автобусынан Ақсу-Аюлы ауылына «Көздер-Ай» дәмханасына 62 адамды эвакуациялады. Жолаушылардың барлығы Тәжікстан азаматтары. Көлік «Ходжент Тәжікстан – РФ Новосибирск» бағыты бойынша жүрді. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалау қажеттігін ескертеді. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда, кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүруден бас тарту ұсынылады. Ауа-райының өзгеруіне сай киініңіз. Қоғамдық көліктер мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктердің иелері мен жүргізушілерінен қауіпсіздік шараларына баса назар аударуын сұраймыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана төтенше жағдайлардың қаупін және оның зардаптарын барынша азайтуға болады!
Қарағанды облысы ТЖД
баспасөз қызметі