
Алматы қаласы ТЖД Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастамасымен "№202 мектеп-гимназиясы" КММ-мен бірлесіп тақырыптық бояулармен "Жас құтқарушы" журналы әзірленіп, ұсынылды.
Журналда қауіпсіздіктің әртүрлі тақырыптары қарастырылған. Оларды зерделеу кезінде балалар жер сілкінісі, шомылу маусымындағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі кезіндегі дағдылар мен пәрменді сақтық шараларын жақсартады.
"Журналдың пилоттық нұсқасында 7 бөлім, бояулар мен анимациялық бейнелері бар - осылайша балалар қандай сақтық шараларын қолдану керектігін есінде сақтайды.
Кьюар кодтары да орналастырылды, смартфонды бағыттай отырып, құтқарушылардың бейнероликтерімен толығырақ танысуға болады, деп №202 мектеп-гимназиясының оқытушысы Айдана Аблезкулова бөлісті.
Бүгінгі таңда журналды одан әрі тиражбен шығару жоспарлануда.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі