Бұл кездесудің мақсаты – оқушылар мен оқытушылар арасындағы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан бастап қалыптастыру аса маңызды. Мұндай шараны алдағы уақытта жиі өткізу жоспарлануда. Әр мектепте төтенше жағдайлар жөніндегі министрлер жұмыс істейді. Олармен онлайн және офлайн түрінде түрлі кездесулер өткізіледі. Олар өз тарапынан сыныптастарына, достарына басқа да жандарға қауіпсіздік мәдениеті туралы ақпаратты жеткізеді. Жалпы бүгінгі іс-шараға 300 ден аса ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде 3 іс-шараны басшылыққа ала отырып, трансформациялау (өзгерістер) жүйесі жүргізілуде. Олар: адамдар, процесстер және технологиялар. Осы мақсаттарға сәйкес, адамдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру және білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін төтенше жағдайлар және оқу ағарту министрліктері меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, облыстың білім беру мекелерінде оқушылар арасынан төтенше жағдайлар министрлері сайланды.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі