Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалының белсенділері Павлодар облысының ТЖ департаментіне барды

Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалының белсенділері Павлодар облысының ТЖ департаментіне барды

Олар ТЖ жағдайында хабарлау жүйесінің жұмысымен танысты. ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов партия мүшелерімен жеке кездесіп, дағдарыс жағдайлары басқармасының жұмысы қалай жолға қойылғанын көрсетті. Оның ішінде бірнеше 112 қызмет желісі қалай жұмыс істейді, қажет болған жағдайда аймақ тұрғындарына құтқарушылар тарапынан көмек қалай ұйымдастырылады.

Ескерту қызметіне келетін болсақ, жаттығулар аясында жылына екі рет дабыл-сөйлеу құрылғыларының өнімділігі тексеріледі. Сонымен қатар, олар апта сайын дауысы шықпайтын режимінде қосылады. Сондай-ақ, партиялықтар ескерту машиналарының қалай жұмыс істейтінін білді.

«Кенеттен қосылу» жүйесі - теледидар мен радиоға қосылып ол арқылы болуы мүмкін әртүрлі табиғи құбылыстар және жедел хабарланы жеткізуге мүмкіндік береді.

«Дармен» мобильді қосымшасының арқылы мектептердегі сабақтардың тоқтатылуы, эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі, трассалардың жабылуы және өз аймағындағы басқа да табиғи құбылыстар туралы білуге болады. Сондай-ақ, ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл арқылы халыққа SMS-хабарлама арқылы хабарланады.

 

Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы