Сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат

Сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен өткен тәулікте 2024 жылғы 30 қаңтарда Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді, оның 1-і Қазақстан аумағында 04 сағатт 27 мин. 36 сек. сезілді. Оның эпиорталығы  Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қ. 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.

Жағдай тұрақты.

ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі