
Павлодар қаласында көп қабатты тұрғын үйде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығуға қалалық өрт сөндіру бөлімшелері, жедел-құтқару қызметі, сондай-ақ өрт және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысатын қаланың тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері тартылды.
Өрт-тактикалық жаттығулардың негізгі мақсаты өрт сөндіру бөлімшелерінің ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайындығын тексеру болды.
Жоспар бойынша «101» пультіне көп қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерлердің бірінде өрттің шыққаны, жоғарғы қабаттарға қатты түтін тарағандығы туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу қаланың өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.
Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері биік тұрғын үйдегі өртті сөндіру тактикасын пайдаланып, арнайы және көмекші техника мен альпинистік жабдықты пайдалана отырып, адамдарды үйдің жоғарғы қабаттарынан құтқару және эвакуациялау жұмыстарын пысықтады.
Оқу-жаттығужетекшісі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры М.З.Шыбынаев тұрғын үй кешені персоналы мен азаматтық қорғау қызметкерлерінің іс-әрекеттері бойынша егжей-тегжейлі талдаужүргізді. Осы өрт-тактикалық оқу-жаттығуда мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді. Барлығы 8 бірлік техника мен жеке құрамның 37 адамы жұмылдырылды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі