Батыс Қазақстан облысындағы іздестіру-құтқару жұмыстары

Батыс Қазақстан облысындағы іздестіру-құтқару жұмыстары

29 қаңтар 21 сағат 15 минутта «112» пультіне Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі, Ақкөл нүктесінен 15 шақырымда Мәңгүр нүктесінен Орджоникидзе нүктесіне жылқыларды айдау кезінде жол бағдарын жоғалтқан жылқышы жоғалғаны жөнінде хабарлама түскен болатын.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екі адамның жоғалғаны анықталып, телефон арқылы байланысқа шығып, 30 қаңтарда 00 сағат 10 минутта аман-есен табылды. Құтқарушылар көрсін деген себеппен жоғалушылардың бірі үстіндегі жұқа бір жемпірін жаққан. Табылған 18 және 19 жастағы азаматтар медициналық көмекті қажет етпеді, жағдайлары қанағаттанарлық. Іздестіру-құтқару жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен,  полиция бөлімінен,  жергілікті атқарушы органдар және жергілікті тұрғындардан 12 адам және 4 техника жұмылдырылған болатын.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райының өзгеруін қадағалауға, ауа райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.

 

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі