
Павлодар облысы ТЖД Павлодар қаласы ТЖБ қызметкерлері балалардың қауіпсіздігіне бағытталған рейд өткізді. Мамандар балалардың ойын-сауық және спорттық балалар орталықтарына болды.
Жалға алушылармен және ойын-сауық иелерімен әңгімелер жүргізілді, өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, мамандар жадынамалар таратып, нұсқаулық өткізді. Сондай-ақ анықталған кемшіліктерді түзету бойынша ұсыныстар берілді.
Өңірде күн сайын әр түрлі деңгейдегі өрттер орын алады. Өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс істейді және әрқашан сергек. Бірақ ең бастысы-өрттің алдын алу. Қызметкерлер Халықтың өрт сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты негізде ықпал ететін рейдтер жүргізеді.
Павлодар облысы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы