Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі мен Мұздағы қауіпсіздік» акциясын ұйымдастырды

Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі мен Мұздағы қауіпсіздік» акциясын ұйымдастырды

27 қаңтар күні Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Умбет Каналиннің қатысуымен Жезқазған қаласында кең көлемде  «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі мен Мұздағы қауіпсіздік» акциясын ұйымдастырды.

Аталған акцияға ТЖ Департаментінің жеке құрамы және ЖАО, «Бірлік» волонтерлік ұйымы,  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Профилактикалық іс-шарада Жезқазған қаласындағы тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігі мен Кеңгір су қоймасында балық аулап жүрген балықшыларға мұздағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ТЖД үйіңіздегі өрттерді болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің және мұздағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтауларыңызды сұрайды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда міндетті түрде нақты мекенжайды көрсете отырып, «101» немесе «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.

Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтай отырып Сіз өзініңіздің және жақындарыныздың өмірін аман алып қаласыз. 

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі