2024 жылдың 26 қаңтарында министрлік алқасының кеңейтілген отырысында Министр жұмыстағы ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Үздік мемлекеттік өрт бақылау басқармасы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
Бірінші орынды Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, екінші орынды Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы және үшінші орынды Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы иеленді.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті