Зардап шеккен халықты қабылдаудың көрнекі оқу пункті ашылды

Зардап шеккен халықты қабылдаудың көрнекі оқу пункті ашылды

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментімен 2024 жылғы 25 желтоқсанда Қаратай Тұрысов атындағы «Мектеп-гимназия» КММ базасында төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пунктінің оқу-жаттығу өрістетуді ұйымдастырды.

Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері төтенше жағдайлар түріне қарай төтенше жағдайлар салдарларын жою кезеңінде зардап шеккен халықты тікелей қоныстандыруды ұйымдастыруға арналған.

Оқу-жаттығуда зардап шеккен халықты қабылдау пунктінің жұмысын қамтамасыз ету үшін Полиция департаментінің, Білім басқармасының, ҚР ҰҰ 5513 әскери бөлімінің, Қазақтелеком АҚ, Денсаулық сақтау басқармасының күш-құралдары және Қызыл Ай қоғамы мен еріктілер тартылды.

Зардап шеккен халықты қабылдау пунктінде:

кездесу, қабылдау және тіркеу топтарының;

ілесіп жүру және орналастыру тобының;

медициналық пункттің және психологиялық қамтамасыз ету бөлмесінің;

қоғамдық тәртіпті сақтаудың;

ана мен бала бөлмесінің;

анықтама үстелінің, коменданттық қызметтің және т.б. жұмыстары ұйымдастырылды.

Халыққа көмек көрсету үшін облыс бойынша сайлау учаскелеріне сәйкес келетін зардап шеккен халықты қабылдаудың 318 пункті анықталған.

Облыстың барлық азаматтары мен қонақтарынан төтенше жағдайлар кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз.

 

                                                                                     Жалғаз Абдуалиев

Жамбыл облысы ТЖД 

АҚБ бастығы майор