
2024 жылғы 22-24 қаңтар аралығында ТЖМ идеологиялық, азаматтық-патриоттық және идеялық-адамгершілік тәрбиені насихаттау жөніндегі ақпараттық-насихаттау тобы Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов пен ДЖБО кезекші бөлімінің бастығы Эльдор Райымбековтың басшылығымен Қостанай облысы гарнизонының жеке құрамымен кездесулер өткізді.
Кездесу Қостанай қ. балалар шығармашылығы қалалық мектебінің ғимаратында өткізілді, сондай-ақ ТЖД 21 бөлімшесі онлайн режимде қосылды. Кездесуге азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, еріктілер мен оқу орындарының ардагерлері қатысты. Қатысушыларға Президент мақалаларының негізгі постулаттары және жеке құрам арасындағы патриоттық және адамгершілік құрамға бағытталған ақпараттық-насихаттық топтың мақсаты жеткізілді. «Әділет Қазақстан-Адал азамат» бағытына ерекше назар аударылды. ТЖМ қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жағдайларын жақсартуға байланысты, қауіпсіздік мәдениеті және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытудың негізгі қағидаттары жеткізілді.
Кездесу аяқталғаннан кейін азаматтық қорғау органдарының дамуына қосқан үлесі үшін ТЖД қызметкерлерінің марапаттау рәсімі өткізілді. Салтанатты бөлімнен кейін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесу өтті, онда өңірдің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қауіпсіздік шараларының бірқатар мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, АНТ жұмысы шеңберінде Қостанай қ., Рудный қ. өрт сөндіру бөлімшелеріне, жедел-құтқару жасағына барды. Сондай-ақ, Қостанай құрылыс колледжінің жұмысымен танысты.
Одан кейін Қостанай қ. жалпы орта білім беретін мектептердің «ТЖ министрлерімен» кең ауқымды кездесу өтті, оларға өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді, М.Ғабдуллин ат. АҚА түсу әдістері мен құтқарушылардың ерлік әрекеттері түсіндірілді. Оқушылар сұрақ қойып, оларға толық жауап алды.
Қостанай облысының ТЖД
баспасөз қызметі