
2023 жылдың қорытындысы бойынша ТЖМ Алқасының кеңейтілген отырысы қарсаңында елордаға келген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бастықтары үшін оқыту сипатындағы іс-шаралар өткізілді.
Мәселен, 2024 жылғы 25 қаңтарда төтенше жағдайлар департаменттерінің, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің, әскери бөлімдердің, азаматтық қорғау академиясының, ТЖМ «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» АҚ бастықтары үшін Қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университетінде «Әскери-саяси жағдай және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері», «Ұлттық қауіпсіздік негіздері».
Одан әрі келген қонақтар үшін Астана қаласы ТЖД №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы іске асыратын азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныс құрылысының жобасының тұсаукесері ұйымдастырылды.
Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын дамыту мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, ғылыми жоба шеңберінде паналаушылардың қорғалу дәрежесінің қажетті мәндерін қамтамасыз етуге қабілетті рамалық-модульдік үлгідегі азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныс құрылысының прототипін әзірлеу және дайындау жүзеге асырылды.
Ұсынылған жылжымалы баспана – бұл пайдалану жағдайлары мен қабылданған технологиялық шешімдерге байланысты қазіргі заманғы зақымдау құралдары мен техногендік төтенше жағдайлардың негізгі зақымдаушы факторларынан қорғауды, баспананы қамтамасыз етуге қабілетті рамалық модульдік ғимарат. Осы жобаны іске асыру және енгізу жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында санатталған ұйымдарды қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді
Сондай-ақ аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары үшін жұмылдыру қорғанысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша тестілеу, кейбір нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуге аттестаттау және жұмыс кеңесі өткізілді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі