
25 қаңтарда құтқарушыларға, Үлбі өзені арқылы өтетін көпірдің жанындағы аралда адам жатқаны туралы шақыру келіп түседі.
Оқиға орнына шұғыл түрде ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақтың қызметкерлері жолданды. 1993 жылы туған ер адам, есінде болып, көмекке шақырды. Зардап шегушіні альпинисттік жабдықтың көмегімен ақырындап көпірге көтеріп, зембілмен жедел көмек көлігіне жеткізді.
Төтенше жағдай туындаған кезде «112» хабарласыңыздар.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі