
ҚР ТЖМ трансформациясы аясында ТЖ министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері арасынан ақпараттық-насихаттау тобы Ақмола облысына келді.
«Bolashaq saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайында мектептердің ТЖ министрлерімен кездесу өтті. Кездесуге онлайн және офлайн форматта 100-ден астам оқушы қатысты. ТЖМ өкілдері жас министрлерге оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін үйрету әдістерін жеткізді.
«Барлық мемлекеттік органдар мен ТЖ министрлігінің қызметін қайта қарау уақыт талабы болып табылады. Қазіргі уақытта ТЖ Министрінің басшылығымен Министрліктің және тұтастай алғанда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің трансформациясы жүргізілуде. 3 негізгі парадигманы қайта қарау жүріп жатыр, бұл адамдар, процестер мен технологиялар. ТЖ жоюдан олардың алдын алуға көшу қажет», – деді Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті басқармасының бастығы Сұлтан Арифджанов.
Сонымен қатар, Сұлтан Арифджанов Бурабай ауданының гарнизонында болып, ҚР ТЖМ трансформациясының іске асырылу барысы және ТЖ жоюдан оның алдын алуға көшудің маңыздылығы туралы айтты.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі