
Төтенше жағдайлар министрлігінің идеологиялық, азаматтық-патриоттық және идеялық-адамгершілік тәрбиені насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттау тобы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының және Ақмола облысы ТЖД жеке құрамдарымен кездесті. Кездесу «Көкшетау» мәдениет үйінде өтті.
Топ басшысы, Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғау тақырыбын қозғады. Ол жеке құрамға азаматтық қорғау жүйесіндегі жаңалықтарды, атап айтқанда, азаматтық қорғау жүйесінің төтенше жағдайларды жоюдан олардың алдын алуға көшуі туралы жеткізді.
Ал Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің басқарма бастығы Асқар Нұрқанов азаматтық қорғау органдарындағы идеологиялық және тәрбие жұмысы бойынша баяндама оқып, осы бағыттағы жоспарлармен бөлісті.
Сондай-ақ Академия қызметі жайында оқу орны бастығы полковник Ерлан Әлібеков баяндама оқыды.
Шара әрі қарай үздік қызметкерлер мен курсанттарды ведомоствалық наградалармен марапаттау рәсімімен жалғасты. Соңында Академия мен Департамент бірлесіп ұйымдастырған концерттік бағдарлама қойылды.
ҚР ТЖМ
Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі