
«Қазселденқорғау» филиалының мамандарымен «Өскемен-Горная Ульбинка–Северное» автожолында алдын ала қар көшкінін түсіру жүргізілді. Нәтижесінде 2100 текше метр қар түсірілді, қыс кезеңінің басынан бастап өңірде 65900 текше метр қар түсірілді.
«Біздің бақылаушылар қар көшкіні қаупі туралы болжамдар негізінде жарылғыш заттардың көмегімен уақтылы алдын ала қар түсулер жүргізуде. Бұл тиімді әдістердің бірі болып табылады. ШҚО ТЖД қызметкерлері жарылғыш заттардың қауіпсіздігін, полицейлер жұмыс жүргізу ауданына кіріп шығуды шектеуді қамтамасыз етеді», - деп атап өтті «Қазселденқорғау» филиалының басшысы Советбек Станбеков.
ТЖД және «Қазселденқорғау» филиалы тауға шықпас бұрын дауылды ескертудің бар-жоғын анықтап алу керегін ескертеді. Тауларда тұрақсыз ауа температурасында, желде және көп мөлшерді жауын-шашын болған кезде болу қауіпті. Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, дауылды ескертулер туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан біле аласыз.
ШҚО ТЖД, егер сіз қауіпті аймақта болсаңыз, қалай әрекет ету керектігін еске салады.
- қар көшкіні қауіпті аймақтарында өзін өзі ұстаудың негізгі ережелерін сақтаңыз;
- қар жауып тұрған кезде және қолайсыз ауа-райында тауға шықпаңыз;
- тауда болған кезде ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз;
- тауға шығар кезде, жүріп өтер жолыңыздың немесе серуендейтін аймағыңызда қар көшкіні болуы мүмкін жерді біліп алыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі