Жетісу облысында «Объективте – қауіпсіздік!» акциясы өткізілді

Жетісу облысында «Объективте – қауіпсіздік!» акциясы өткізілді

Өскелең ұрпаққа төтенше жағдайларда ден қою қабілеттерін, сондай-ақ дағдарыс жағдайында өзін-өзі құтқарудың және өзара көмек көрсетудің негізгі тәсілдері мен амалдарын насихаттауды ұйымдастыру мақсатында, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Жетісу облысы бойынша «Қазселденқорғау» ММ, 5514 әскери бөлімі және Қызыл Ай қоғамдығымен бірге 2024 жылдың 23 қаңтарында Талдықорған қаласы Оқушылар сарайында мектеп парламенттерінің «Төтенше жағдайлар министрлері» және «Жас құтқарушы» кадет сынып оқушылар арасында «Объективте - қауіпсіздік» атты акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты оқушылар мен оқытушылар арасындағы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға, сондай-ақ  күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Акция барысында ТЖ министрлері мен жасқұтқарушыларға өрт сөндірушілер және құтқарушылар туралы таныстыру бейнеролигін көрсетті. Өткізілген акцияның аясында балалар құтқарушы мамандығымен жақынырақ танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, оқушылар сарайының ғимаратында  шағын көрме ұйымдастырылды, онда оқушыларға құтқарушылардың авариялық-құтқару және жеке қорғану құралдарымен көрнекті түрде танысты.

Мектептердің ТЖ министрлері мен жас құтқарушылары мұндай практикалық сабақтар олар үшін өте өзекті және пайдалы екенін атап өтті. Жиын соңында балалар жасаған ең маңызды қорытынды: әрбір секунд маңызды, сондықтан өмір қауіпсіздігі ережелерін білу төтенше жағдайда шешуші рөл атқаруы мүмкін.

 

                              Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі