Павлодар облысы өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық жұмысын күшейтті

Павлодар облысы өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық жұмысын күшейтті

Жылыту кезеңі басталғаннан бері Павлодар облысының аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты жылыту пешін пайдалану кезінде 19 өрт болды.

Осыған байланысты, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлерімен, еріктілермен өрт қауіпсіздігі саласындағы үгіт-профилактикалық жұмысын күшейтті.

Өрт пен адам өліміне жол бермеу мақсатында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шараларын өткізуде.

Рейдтердің негізгі мақсаты - ТЖД қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға. Электр желілерін жүктеуде, электр құралдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбауға шақыру.

Үйіңізде өрттің шығуын алдын алу үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін есте сақтаңыз:

жылыту құралдарын пайдалану кезінде оқшаулағышы зақымдалған электрсымдарын пайдалануғат ыйым салынады;

электр жылыту құралдарын жанғыш заттардың жанына орнатпаңыз;

үйден шыққан кезде барлық электр жылыту құрылғыларын өшіруді ұмытпаңыз;

жылыту маусымы басталар алдында және жылыту маусымы бойы әрбір үш ай сайын түтіндіктерді күйеден тазалауды ұмытпаңыз;

саңылаулары бар пештерді пайдаланбаңыз;

жанып жатқан пештерді, қосылған электр қыздырғышты және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;

электр желісіне электр желісінің артық жүктелуіне әкеп соғатын бірнеше қуатты электр тұтынушыларын бір мезгілде қосуға жол бермеңіз;

барлық тұрмыстық электр құрылғыларының жұмысын бақылаңыз;

пәтерде газ иісі болса, электр жарығын қосуға, сіріңкені жағуға, темекі шегуге, ашық отты пайдалануға жол бермеңіз,

газ плитасы жанғанда, камин жанғанда, пеш жанғанда немесе электр аспаптары жанғанда балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз.

 

Павлодар облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы