Алматы қаласының ТЖД құтқарушылары көміртегі тотығы датчиктерін орнатуда

Алматы қаласының ТЖД құтқарушылары көміртегі тотығы датчиктерін орнатуда

Бостандық ауданының аумағында 8506 үй орналасқан, оның ішінде 1900 көппәтерлі тұрғын үйлер, 6606 жеке тұрғын үйлер. Жеке тұрғын үйлерден 6490 үй газдандырылды, қалған 116 үй қатты  көмірмен жылытылады және табиғи газға қосылмаған.

Бостандық ауданының ТЖ Басқармасының ерекше бақылауында қатты отынмен жылытылатын 116 жеке үй бар. Бүгінгі таңда мұқтажды 56 отбасында улы газдан қорғайтын  датчиктері орнатылған.

Қазіргі уақытта бұл үйлер қатаң бақылауға алынды және жылыту кезеңінде тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелері туралы хабардар ете отырып, аулаларды аралау тұрақты негізде жүргізіледі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелері көрнекі бейнеленген түбіртек-ұсыныстар мен буклеттер тапсырылады.

Халыққа жылыту кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы үндеу жеткізуге БАҚ өкілдері қолдайды. Бүгін тұрғын үй секторын профилактикалық аралау кезінде «31» Информбюро  телеарнасының түсірілім  тобы қатысты.

Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі