«Алау» тобы атанған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері командасы мен үрмелі оркестрі «КТК» телеарнасы ұйымдастырған байқаудың екінші маусымында қатысты: қазылар алқасының шешімімен және көрермендер дауыс беруінің нәтижелері бойынша «Гран-при» номинациясында Алматы өртке қарсы қызмет гарнизоны үздік болып атанды .
Іріктеу турында өрт сөндірушілер еліміздің ең кәсіби музыкалық шоуында бақ сынады, оған 40 – тан астам команда-кәсіби музыканттар емес, жұмысшы мамандықтарының өкілдері қатысуда.
Олар кәсіби қазылар алқасы мен миллиондаған көрермендерге вокалдық қабілеттерін көрсете отырып, ән айту және сахнада өнер көрсету талантымен шығармашылық ісінің майталмандарына шеберлерлігін дәлелдеуге бел буды.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, жоба қоғам өмірінде үлкен маңызы бар қажетті мамандықтарды, соның ішінде ТЖМ өрт сөндіруші-құтқарушысы мамандығын дәріптеуге бағытталған.
Байқаудың жүргізушісі – Қайрат Әділгерей, қазақстандық актер, танымал әзілқой және дубляж актері. Байқаудың қазылар алқасы – Медеу Арынбаев, Кенжебек Башаров, Гүлшәт Тутова.
«Кел, шырқайық» жоба арқылы түсірілім және өрт сөндірушілерден сұхбат алу барысында бүкіл еліміздің телекөрермендері құтқарушы мамандығының жеке ерекшеліктерімен танысты.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі