Жетісу облысында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

Жетісу облысында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

2024 жылғы 19 қаңтар күні сағат 13:30-та Жетісу облысы ТЖД-да «Үшарал-Достық» Республикалық маңызы бар автожолының «Тоқты» учаскесінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында автокөліктер тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Азаматтарды құтқару үшін шақырту орнына Достық станциясының 10-ӨСБ жеке құрамы жоғары өту техникасымен жіберілді.

Оқиға орнына келгеннен кейін қар үйіндісінде 1 жүк көлігі тұрып қалып басқа  жүк көліктерінің өтуіне кедергі болғаны анықталды .

Қабылданған шаралармен жолға тосқауыл тұрып қалған  жүк көлігі қар үйіндісінен сүйретіліп, қалған 5 жүк көлігі Достық станциясына жеткізілді.

Сол күні сағат 14:30-да Жетісу облысы ТЖД-да «Үшарал-Достық» автожолының «Ырғайты»  учаскесінде қар құрсауында 1 жеңіл автокөлік қалғаны туралы тағы бір хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнында құтқарушылар жеңіл автокөліктің ішінде болған 1978 және 1992 жылы туылған екі азаматты тапты.

Азаматтар Көктұма станциясына жеткізіліп құтқарылды. Барлық құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Жетісу облысы ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырады. Дауылды ескертулер туралы SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмаңыз және алыс жолға шығар алдында барлық қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі