Академия мен жастар-ресурстық орталығы меморандумға қол қойды

Академия мен жастар-ресурстық орталығы меморандумға қол қойды

2024 жылдың 19 қаңтарында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы полковник Е.Әлібеков  пен Ақмола облыстық  «Жастар-ресурстық  орталығының» жетекшісі Д.Ермеков өзара  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған құжат бойынша қос тарап жұмыспен қамту бойынша серіктестік орнатуға, 18 бен 35 жас аралығындағы жастарды жұмысқа орналастыру деңгейін арттыруға, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға жәрдемдесуге келісті.

Оқу орны мен жастар-ресурстық орталығы республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында және қалаларда бірлескен ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізіп жастарды жұмыспен қамту шаралары туралы әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға уағдаласты.

 

ҚР ТЖМ

Азаматтық қорғау академиясының

баспасөз қызметі