
Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығы Рәтбек Демеубергеннің қатысуымен ««Құдайға шоқыну» іс-шарасы рәсімін өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбында брифинг өтті.
Шоқыну кезеңінде жаппай шомылуды өткізу үшін әкімдікпен Ақтау қаласының аумағында орналасқан бір орын аңықталды, атап айтқанда
4А шағын ауданындағы жартастағы соқпақ («таулы жартас») аяқталған жердің маңында.
Шоқыну кезеңінде ТЖ департаментінің күшімен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл жерде қоғамдық тәртіпті полиция қызметкерлері қаматамасыз етеді, медициналық қамтамасыз ету бойынша Апаттар медицина орталығының дәрігерлері кезекшілік ететін болады. Белгіленген орынды жабдықтау жергілікті атқарушы органға жүктеледі.
Осы жұмада, яғни 19 қаңтардан бастап іс-шара өткізілетін жерде қауіпсіздік бекеттері мен құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылып, Жедел-құтқару жасағының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылатын болады. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖ департаментінен
32 адам, 8 бірлік техника бөлінетін болады.
Сонымен қатар, дәстүрді орындау кезінде халыққа суық суға түспес бұрын кішкене денені жылытып, физикалық жаттығулар жасау керек, ыңғайлы, тайғанақ емес және тез шешілетін аяқ-киім кию керек, ағзаның суып кетпеуін болдырмау үшін мұздай суда 1 минуттан артық болмаңыз, шомылғаннан кейін сүлгімен сүртініп, жылы құрғақ киім киіп, ыстық шай ішіңіз.
Суға секіру және баспен сүңгуге, спирттік ішімдіктер ішуге және мас күйінде суға түсуге, жүрек-тамыр сырқаттары бар адамдарға мұздай суға түсуге тыйым салынады.
Ең бастысы, құтқарушылардың және дәрігерлердің, кезекшілігі ұйымдастырылған арнайы жабдықталған орындарда суға түсу керек, яғни жедел түрде қажетті көмек көрсете алатын қызметтер болуы керек екенін ескертемін.
ТЖ департаменті жабдықталмаған және тыйым салынған жерде шомылу әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс шеңберінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлайды.
Маңғыстау облысының ТЖД
баспасөз қызметі