ТЖ министрі Сырым Шәріпханов кәсіби бағдар беру вебинары форматында республикалық мектептердің жас төтенше жағдай министрлерімен кездесті.
«Адамдарды құтқару – осындай да мамандық бар» тақырыбындағы вебинарға республиканың түкпір-түкпірінен 200 мектеп ТЖ министрі қатысты.
Вебинар балалар арасындағы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру шеңберінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
ТЖ министрі жас "әріптестеріне" құтқарушылардың жұмысы туралы айтып, өрт, ауа-райының қолайсыздығы, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі батыл және жанқиярлық құтқару операцияларының мысалдарын келтіріп, ТЖ алдын алудың бірінші кезектегі рөлін атап өтті. Вебинар барысында ТЖМ құтқару бөлімшелерінің күнделікті жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.
Сырым Шәріпханов қауіпсіздікті насихаттаудың, мектептерде түрлі жаттығулар өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтіп, ТЖ жөніндегі жас министрлерге жүгініп, оларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Ол балалардың ата-аналардың назарын төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне аударудағы рөлін атап өтті.
"Сіздер балалар арасында ғана емес, ересектер арасында да қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру ісіндегі біздің басты көмекшілерімізсіздер. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олар туындаған кезде дұрыс мінез-құлық туралы білімді таратуға септігін тигізе аласыздар", - деп атап өтті ТЖ Министрі.
Сондай-ақ, министр мектеп қабырғаларында жүргізіліп жатқан жұмыс тек төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау ғана емес, сонымен қатар өзінің және айналасындағылардың қауіпсіздігіне саналы қарым-қатынас екенін атап өтті.
Іс-шара ашық микрофонмен аяқталды, онда министр вебинарға қатысушылардың барлық қойылған сұрақтарына жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін республика мектептерінің барлық оқушылары арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан болатын.
Меморандум аясында кәсіби құтқарушылар "Жас құтқарушы" үйірмелерін, олардың арасындағы жарыстарды дамыту, оқушыларды әртүрлі ТЖ кезінде жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету және т.б. бөлігінде кішкентай "әріптестерімен" жұмыс істейді.
Халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жүйелі сипатта болуға тиіс және білім алудың барлық кезеңдерінде жүргізіледі.
Бұл бағыттағы жұмыс үздіксіз жүргізілетін болады.
ТЖМ баспасөз қызметі