Мемлекеттік орман күзеті мен орман өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлерін оқыту басталды

Мемлекеттік орман күзеті мен орман өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлерін оқыту басталды

Үкімет аппаратының тапсырмасын орындау аясында 15 қаңтардан бастап Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталықтарында Қазақстан Республикасы орман мекемелерінің мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлерін оқыту басталды.

Оқу апта сайын 15 қаңтар мен 20 наурыз аралығында Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде жүргізіледі. Барлығы 1332 қызметкерді оқыту жоспарлануда.

Қызметкерлерді оқытудың негізгі мақсаты орман өрттерінің алдын алу, өрттерді сөндірудің тактикалық әдістері мен тәсілдері, өрт сөндірудің техникалық құралдарын қолдану тәсілдері, сондай-ақ өртті сөндіру кезінде қызметкерлердің іс-әрекеттеріне басшылық жасау саласындағы кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.

 

ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы

Азаматтық қорғау академиясының

баспасөз қызметі