
Павлодар облысының Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында БАҚ өкілдері үшін брифинг ұйымдастырылды. Брифингтің тақырыбы: «Крещение мейрамын мерекелеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы».
Спикерлер ретінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймарденов және Жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында Қайрат Шаймарденов бүгінгі таңда облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар шомылуға арналған 14 орынды анықтады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық жабдықталған орындарда кезекшілікті жүзеге асыратын болады.
Сондай-ақ спикерлер суға түскісі келетіндердің барлығына келесіні еске салды :
- шомылу рәсімін құтқарушылар мен жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік ететін арнайы жабдықталған орындарда ғана жүргізуге болады;
- шомылудан бұрын денені жылыту керек;
- шұңқырға ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау керек;
- мұздың кішкене бөлігінде бір уақытта 20-дан астам адамның болуына жол бермеу керек;
- ми тамырларының тарылуын болдырмау үшін басыңызды суламай, суға мойынға дейін түскен дұрыс;
- суға тікелей мұздан сүңгуге болмайды;
- су қоймасының мұзына автокөліктердің шығуына қатаң тыйым салынады;
- Алкогольді ішпеңіз. Балаларды шомылуға тек ата-аналарымен ғана рұқсат етіледі;
- судан шыққан соң жұмсақ сүлгімен сүртініп, ыстық шай ішіңіз;
- созылмалы аурулары бар адамдарға шомылуға болмайды;
- төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі