Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындары үшін азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындары үшін азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді

ШҚО Күршім ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 қаңтарынан бастап Күршім ауданында қармен боран тоқтамай тұр. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 1.8-2 метрге жетті. Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтерінің елді мекендері көлік қатынасынан ажыратылды.

Қардың түсу нормаларының асып кетуін және елді мекендерге көлік қатынасының болмауын ескере отырып, Күршім ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

Күршім ауданына қажетті көмек көрсету үшін ШҚО ТЖ департаментінің жол талағамайтын техникасы келді.

«ТЖ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге 16 қаңтарда ауылдық округтердің тұрғындарына қажетті азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізу үшін тікұшақ жұмылдырды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі