Алматы облысында авариялық-құтқару жұмыстары

Алматы облысында авариялық-құтқару жұмыстары

2024 жылы 16 қаңтар күні сағат 4:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Алматыдан 143 шақырым жерде «Алматы-Шымкент» тас жолында көлік бұзылып, үш азаматты шұғыл эвакуациялау қажет екені жайлы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу барды. Оқиға орнына келгеннен кейін көліктің бұзылып, қар құрсауында қалып қойғаны анықталды. «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пунктінің күшімен Тәжікстанның 1994, 1996 және 1998 жылы туған үш азаматы эвакуацияланды.

Облыс аумағындағы ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы облысының ТЖД азаматтардан қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS хабарламалар алған кезде алыс жолға шықпауларыңызды сұрайды.

Сондай-ақ, облыс бойынша дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпарат туралы жедел ақпарат алу үшін «Darmen» тегін мобильді қосымшасын жүктей алатыныңызды еске саламыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі