
2024 жылдың 11 қаңтарында сағат 12.15-те Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «112» телефон нөміріне Жуалы ауданы, Билікөл көлі маңындағы Қарабастау ауылының 1981 және 1987 жылғы тұрғындары қайыққа мініп, балық аулауға кеткендігі және олардан еш хабар жоқтығы жөнінде көмек сұрап, хабарлама түскен.
Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД тиісті күштері мен құралдары жедел жетіп, бүгінгі күнге дейін іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Іздеу ауа-райының жағдайымен күрделене түседі. Қазіргі уақытта Билікөл көлінің маңында жүрігізіліп жатқан іздестіру жұмыстарына ТЖ департаментінен 13 адам жеке құрам мен 2 бірлік техника жұмылдырылып, 2 бірлік суда жүзу құралдары мен дрон қолданылуда. Құтқарушылар осы уақытқа дейін аумағы 85 шаршы шақырымды құрайтын Билікөл көлінің 35 пайыз аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Құрметті қысқы кезеңдегі балық аулаушы әуесқойлар! Сіздерден ауа-райы туралы болжамды қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды және қолайсыз ауа-райында балық аулаудан бас тартуларыңызды сұраймыз.
Жамбыл облысы ТЖД Баспасөз қызметі