
Көліктерінің ақаулығына байланысты жолда қалған 6 адам құтқарылды. Аягөз ауданының Ақтоғай кентіне қарай баратын жолда бір топ адам көлік құралының бұзылуына байланысты жолда қалған. Хабар алған құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жеткен. Орын алған жағдайды бағалап, жолда қалған адамдарды шұғыл эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Жоғары өтімді техника көмегімен адамдар Аягөз қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта адамдар қауіпсіз жерде және медициналық көмекке мұқтаж емес.
14-15 қаңтарға қараған түні «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолында (Көкпекті-Қалбатау ауылының 910-1002 км) екі жолаушылар автобусынан «Зайсан-Семей», «Зайсан-Өскемен» қатынасымен Абай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен өз жүрісімен Көкпекті ауылының БЖСМ жылыту пунктінде 91 адам оның ішінде 2 бала орналастырылды. Медициналық көмек қажет емес.
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан ауа райы қолайсыз болған жағдайда елді-мекендерден шықпауларын өтінеді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі