
Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің Жезқазған мыс балқыту зауыты – қауіпті өндірістік объектісінде авариялық жағдайлар бойынша нысандық жаттығуға қатысты.
Жаттығу жоспарына сәйкес, қауіпті өндірістік нысанның балқыту цехында сұйық металдың төгілуі нәтижесінде өрт ошағының пайда болуы және жану өнімдерінің таралуы бойынша апаттық жағдай орын алды.
Жаттығу барысында нысанның азаматтық қорғаныс бастығының, азаматтық қорғау құралымдарының командирлері мен жеке құрамының, кезекші диспетчерлер мен персоналдың қалыптасқан жағдайды бағалауды және төтенше жағдайдың салдарын азайту және жою бойынша жедел шешімдер қабылдауды, құтқару қызметтері мен азаматтық қорғауды басқару органдарын құлақтандыру тәртібін, персоналды эвакуациялау элементтерін, жеке қорғану құралдары мен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану жөніндегі іс-қимылдары пысықталды.
Объектілік жаттығу қорытындысы бойынша Ұлытау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицерлерімен талдау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Айта кету керек, Ұлытау облысының аумағында осындай оқу-жаттығулар мен жаттығулар халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларымен регламенттелген Азаматтық қорғау саласында бекітілген оқу-жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес тұрақты негізде өткізіледі.
Ұлытау облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс бөлімі