Ақтөбе облысында демалыс күндердегі авариялық құтқару жұмыстары

Ақтөбе облысында демалыс күндердегі авариялық құтқару жұмыстары

Құтқарушылар күшімен Мәртөк, Әйтеке би, Байғанин, Хромтау аудандарында авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді.

Авто көліктері ақаулығына байланысты бұзылып, жолда қалған жолаушыларды  құтқарушылар жылыту пунктеріне жеткізді. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Жүргізушілер жолға шығарда көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап барып жолға шығу қажет. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда, кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүрмеуі қажет. Қоғамдық көлік пен дизельді қозғалтқышы бар автокөлік иелері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн, – дейді құтқарушылар.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы