Ұлытау облысында іздеу-құтқару жұмыстары

Ұлытау облысында іздеу-құтқару жұмыстары

2024 жылы 11 қаңтарда сағат 15:38-де «112» желісіне Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылының «Қойсан» шаруа қожағылының жұмысшысынан 11 қаңтарда сағат 13:00-де қыстақтан солтүстік-шығыс бағытта 1973 жылы туған қожайыны атқа мініп, мал іздеуге шыққандығын және хабар ала алмай отырғаны туралы хабарлама келіп түсті.

2024 жылғы 11 қаңтарда сағат 15:45-те Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен жоғалған адамды іздеу жүргізілді.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде 11 қаңтарда сағат 18:10-да іздеу тобы жоғалған адамды «Отей» қыстағынан тапты, медициналық көмек қажет емес.

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі