
Жылыту кезеңі басталғаннан бері Ақмола облысында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. ТЖ алдын алудың жаңа шарасы «Қауіпсіз қала» акциясы өтті.
Іс-шара «РИО» сауда орталығында өтті. Акция барысында қала тұрғындарына газ, тұрмыстық, электр жабдықтары мен техниканы дұрыс пайдаланбаған жағдайда не болатынын нақты көрсетті.
«Өрт сөндіру қызметінің ардагері Айвар Бұлқайыров өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып, адамның немқұрайлылығы неге әкелетінін нақты көрсетті. Бұл көрмені әрі қарай да жалғастыратын боламыз», – деді Көкшетау қаласы ТЖБ бастығы Максим Шатковский.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі