
Қыс мезгілі Қазақстан үшін өте суық, ұзақ аяз, қатты желдің екпіні, қарлы боран мен көшкіндермен сипатталады. Жетісу облысы да ерекшеленбейді. «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, облыстың бірқатар аудандарында желдің екпіні 25-30 м/с-тан асты.
Қысқы кезеңнің басынан бастап қарлы боран мен қатты желдің екпініне байланысты Алакөл ауданында 15 дауылды ескерту жарияланып «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының 9 жабылуы болды, бұл аталған учаскеде тұрақты құбылыс болып табылады.
Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеттерінің бірі халықты Төтенше жағдайлардан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, яғни қиын жағдайда жазатайым оқиғаларға жол бермеу болып табылады. Осылайша, құтқарушылар қарлы боранда қалып қалған азаматтарды құтқару үшін үнемі шығып отырады.
2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бастап «Үшарал-Достық» автожолында 146 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала, 45 шетел азаматы, 17 адам төтенше жағдайлар аймағынан эвакуацияланып, қар құрсауынан 33 техника шығарылды.
«Үшарал-Достық» автожолында соңғы оқиға 7 қаңтарға қараған түні тіркелді. 2024 жылғы 7 қаңтар күні сағат 23:40-та Жетісу облысы ТЖД-да «Үшарал-Достық» Республикалық маңызы бар автожолының «Ырғайты» учаскесінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында автокөліктер тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Азаматтарды құтқару үшін шақырту орнына Достық станциясының 10-ӨСБ жеке құрамы жоғары өту техникасымен жіберілді.
Оқиға орнына келгеннен кейін 15 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойғаны анықталды.
Қабылданған шаралармен қар құрсауынан Достық станциясының ең жақын жылыту пунктіне жеткізілген 7 жүргізуші құтқарылды. Медициналық көмек қажет емес. Қалған 9 жүргізуші эвакуациядан бас тартты. Жүргізушілердің айтуынша, оларда апталық ЖЖМ және азық-түлік қоры болған.
Тұрғындарға, көлік қызметтерін көрсететін компаниялардың басшыларына тікелей жүргізушілерге жүгінсек, ешқандай жағдайда дауыл туралы ескертулер мен қозғалыстың жабылуы мен шектелуі туралы хабарламаларды елемеуге болмайтындығы туралы ақпарат бергім келеді. Мобильді құрылғыларыңызға «Дармен» қосымшасын орнатуды ұсынамыз, онда дауылды алдын ала ескертулер, автожолдардың жабылуы мен ашылуы туралы ақпарат және сіздің қозғалысыңызды ғана емес, басқа да өмірлік жағдайларды жоспарлауға көмектесетін басқа да пайдалы ақпарат орналастырылады. Сондай-ақ, "Дармен" қосымшасындаа ақпаратты хабарламалар уақтылы келіп түстетінін атап өткім келеді.
Сонымен қатар, қар көшкіні кезіндегі мінез-құлық ережелерін еске салғымыз келеді:
- көлікте алыс жолға шыққан кезде сізге жылы заттар, азық-түлік, алғашқы көмек қобдишасы, сүйрету кабелі, күрек, балауыз шамдары, ұялы телефон зарядтағышы, жанар-жағармай қоры және қиын жағдайда Сізге пайдалы болуы мүмкін барлық нәрселеріңіз болуы керек.
- қар үйінділерін еңсеруге тырыспау керек, егер мүмкін болса, тоқтап, ең жақын елді мекенге оралып, жолдың тазалануын күту керек.
- Егер сіз әлі де елді мекеннен тыс жерлерде, қолайсыз ауа-райында қар көшкінінің тұтқыны болсаңыз, көліктен кетуге тырыспаңыз, көліктің қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
– көліктен мезгіл-мезгіл шығып, оның астына көмілмеу үшін қарды тырмалау қажет;
- қармен жабылмаған көлік, іздеу тобы үшін жақсы нұсқаулық болып табылады.
- автокөліктің қозғалтқышы «қатып қалмас үшін» оны мезгіл-мезгіл жылытып отыру керек, автомобильді жылыту кезінде пайдаланылған шығу газын кабина ішіне (шанаққа, салонға) кіріп кетуіне жол бермеу керек, осы мақсатта пайдаланылған құбырдың қарға толып кетпеуін және жел бағытында орналасуын қамтамасыз ету маңызды.
- егер жолда бірнеше адам (бірнеше көлікте) бірге болса, барлығын біріктіріп, бір көлікті баспана ретінде пайдаланған жөн және құтқару бөлімшесін күту керек.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі