Сенат Депутаты Азаматтық қорғау академиясына келді

Сенат Депутаты Азаматтық қорғау академиясына келді

2024 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Құспеков Олжас Хайроллаұлы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясына жұмыс сапарымен келді.

Сенатор жеке құраммен кездеспес бұрын алдымен Академияның музейін, оқу корпустарын, зертханаларын аралап, материалдық-техникалық базамен, оқыту бағдарламаларымен танысты.

Академия қызметкерлерімен, курсанттарымен, сондай-ақ ардагерлерімен кездесу барысында жоғарғы оқу орнының одан әрі даму мәселелері, перспективалық жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар, азаматтық қорғау саласындағы білім мен ғылымның дамуы мәселелері қарастырылды.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі