Ақтөбе облысында 30 жолаушы эвакуацияланды

Ақтөбе облысында 30 жолаушы эвакуацияланды

11 қаңтар күні сағат 11-00-де «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар 868 км шақырымында «Қырғызстан-РФ» қатынасымен жолаушылар автобусы ақаулығына байланысты бұзылып қалды. Автобус ішінде 30 жолаушы – Қырғызстан азаматтары болды.

ТЖД және жергілікті атқарушы органдар күштерімен жолаушылар Хромтау қаласындағы «Шерхан» кемпингіне көшірілді, медициалық көмекті қажет етпеді.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.

 

Ақтөбе облысы Қоғаммен байланыс тобы