
Тауға шықпас бұрын тауға жалғыз шығуға қатаң тыйым салынатынын есте сақтау керек. Қауіпсіз бағытты таңдаңыз.
Егер сіз қар көшкініне тап болсаңыз, ең алдымен, рюкзактан, шаңғыдан, сноубордтан мүмкіндігінше тезірек құтылу керек, жүзу қимылдарын жасап қолдарыңызбен, аяқтарыңызбен мүмкіндігінше қар бетінде қалу үшін қозғалу керек. Егер сізді қар басып қалса, айқайлауға қатаң тыйым салынады. Сізге терең тыныс алып, қалай жатқаныңызды түсіну керек, ол үшін ауаға түкіріп білуге болады.
Құтқарушылар көмекке келген кезде іздеу аймағын зондтауға кіріседі, Олар бір қатарға бір-біріне мүмкіндігінше жақын орналасады да қадам сайын іздей бастайды, бұл кезде абсолютті тыныштық болуы шарт. Іздеуді таудың етегінен жоғары қарай жүзеге асырады. Зонд бір нәрсеге жанасқан кезде біз оны сәл бұрамыз, өйткені зондтың ұшында тістері бар, оған киімнің беті ілінуі мүмкін, демек солай зардап шеккен адамды табасыз. Содан кейін қар көшкінін күрекпен немесе қолда бар құралдармен қазбалап, зардап шегушіні шығарады. Іздеу барынша жылдам жүргізілуі керек, өйткені зардап шеккен адамның уақыты өте аз.
Иттің адамды табуға қанша уақыты бар?
Қар көшкінінде әр секунд маңызды, яғни неғұрлым тез болса, соғұрлым жақсы.
Қар көп болса және ол тығыз болса, ит қалай бағдар алады?
Қарда кішкентай тесіктер бар, ит адамның иісін сезеді, және сол арқылы табады.
Зардап шегушінің итін қалай тануға болады?
Табылған кезде ол осы нүктені меңзеп, оған қарай үріп, кинологты шақыра бастайды,сол кезде құтқарушылар құтқару жұмыстарын жүргізуді бастайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі