Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мұз үстінде профилактикалық-рейдтік жұмыстар жүргізуде

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мұз үстінде профилактикалық-рейдтік жұмыстар жүргізуде

Кезекті рейд Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Жергілікті полиция және Табиғатты қорғау қызметкерлерімен бірлесіп, "Қапшағай" су қоймасында профилактикалық рейдттік іс-шаралар өткізілді, онда қысқы кезеңде мұз асты балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша мұз асты әуесқой балықшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында мұздағы қауіпсіздік ережелері бар үгіт-насихат материалдары таратылды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мұзда келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

жұқа және қатпаған мұзға шығуға болмайды.

мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.

тәуліктің қараңғы уақытында, көруге мүмкіншілік нашар кезде (тұман, қар жауу, жаңбыр) және алкогольдік мастану күйінде мұзға шығуға болмайды.

өзен арқылы өту кезінде жабдықталған мұз өткелдерін пайдалану керек.

су қоймасын топпен өту кезінде бір-бірінен арақашықтықты (5-6 м) сақтау қажет.

Қатып қалған өзенді (көлді) шаңғымен өткен жөн, қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекітпелерін ағыту керек; шаңғы таяқшаларын қолдың білезік буынына ілмекті ілмей ұстап, қауіп төнген жағдайда оларды бірден тастау керек.

Мұзда балық аулау кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта шұңқыр жасау қажет. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін, балықшының құтқару кеудешесі немесе төс кеудешесі, сондай-ақ ұзындығы 15-20 м, бір ұшында ілмегі бар және екіншісінде 400-500 г жүгі бар арқан болуы тиіс. Жүк арқанды суға құлап кеткен жолаушыға лақтыруға көмектеседі.

Жұқа, шытынаған мұз бетінде қалсаңыз, абайлап кері бұрылып, сырғымалы қадамдармен жүріп өткен жолыңызбен жағаға қайта оралу керек.

Мұздай суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатты тоңып қалуы, ал 20 минуттан кейін есін жоғалтуы мүмкін екенін білу қажет. 

 

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі