
Тұрғын үйлердегі өрт - бұл қайғылы жағдай, ол үйлер мен оларға іргелес тұрғын үйлерді аяусыз қиратады. Өрт көрші үйлерге ауысқан жағдайда басқа адамдар да зардап шегуі мүмкін. Өрттің қалай басталғанын түсіну қиын емес, өрттің себептерін саусақтарыңызбен санауға болады.
2024 жылдың басынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша 19 өрт тіркелді, өрттердің жалпы санынан 10 жағдай тұрғын үй секторына тиесілі. Осыған байланысты, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту кезеңінің басында облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіре отырып, тұрғын үйлерді аралап рейдтік іс-шаралар өткізді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
1) жанғыш және жанбайтын материалдар, заттарды сақтауға, бұл эвакуация жолдарын жабады;
2) лифтте, баспалдақ алаңдарында, пайдаланылмайтын қоқыс құбырларының айналасында, пәтерлердін ішін рұқсатсыз қайта жоспарлауға, көпшілік орындарда, оның ішінде кіруді шектейтін металл торларды орнатуға;
3) көп қабатты тұрғын үйлердің авариялық жолдардың люктерін дәнекерлеп жабуға, лоджияларға шығатын жерлерге кедергі жасауға;
4) зақымдалған электр сымдарын пайдалануға;
5) тұрмыстық жылыту құрылғылары, газ жылыту жабдықтарын қадағалаусыз қалдыруға;
6) лас заттарды тазарту үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға;
7) мүлікті құтқарған кезде өз күші мен мүмкіндіктерін асыра бағалай отырып өз өмірін қатерге тігуге;
8) өрт сөндірушілерді алдын ала шақырмай, өртті сөндірумен айналысуға;
9) кернеудегі электр аспаптарын сумен сөндіруге;
10) шкафтарда, қоймаларда жасырынуға, бұрыштарға жасырынуға;
11) тұрғын үйлердің шатырлары мен пәтерлер жертөлелеріне қоқыс жинауға болмайды.
БҚО ТЖД
Мемлекеттік өрт бакылау басқармасы