
11 қаңтарда түнгі сағат 02:30-да «Қарабұтақ – Т.Жүргенов – Қостанай» тас жолының 69 шақырымындағы, Талдысай ауылының ауданында «Шымкент-Челябинск» қатынасымен жолаушылар автобусы бұзылып қалды. Автобустың ішінде 59 жолаушы – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары болды. ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен жолаушылар Т.Жүргенов ауылындағы мешітке көшірілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы