
Біржан Сал ауданының құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен және патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп 14 адамды жылыту пунктіне орналастырды.
Оқиға «Астана-Петропавл» автожолында болған. Автобус Екатеринбург қаласынан Қарағанды қаласына жол тартқан болатын. Автобусты жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жолаушылар Макинка ауылының жылыту пунктіне орналастырылған.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі