Қарағанды облысының құтқарушылары бұзылған автобустан 40-тан астам жолаушыларды эвакуациялады

Қарағанды облысының құтқарушылары бұзылған автобустан 40-тан астам жолаушыларды эвакуациялады

9 қаңтарда «Алматы – Екатеринбург» тас жолының 1049 шақырымында ТЖД күштері техникалық ақауы бар «VANHOOL» автобусынан 41 адамды политехникалық колледждің жатақханасына көшірді. Оның ішінде 14 адам Өзбекстан Республикасының, 27 адам Қазақстан Республикасының азаматтары. Көлік «Шымкент – Тобыл» бойынша бағыт алған. Құтқарылған жолаушылардың арасында зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

Қарағанды ​​облысының ТЖД жүргізушілерге жол жүрмес бұрын көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалау қажеттігін ескертеді. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда, кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүруден бас тарту ұсынылады. Ауа-райының өзгеруіне сай киініңіз. Қоғамдық көліктер мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктердің иелері мен жүргізушілерінен қауіпсіздік шараларына баса назар аударуын сұраймыз.

Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана төтенше жағдайлардың қаупін және оның зардаптарын барынша азайтуға болады!

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі